Нұр-Сұлтанда салынып жатқан үйдің қабырғасы құлап түсті (видео)

Bek Argyn есімді Facebook қолданушысы Нұр-Сұлтандағы салынып жатқан үйдің видеосын бөлісті. Кадр сыртындағы дауыс керегенің құлағанын айтады, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
«Кереге тура жерге құлады. Ешкімнің болмағанына шүкір. Құрылыс құлдырап жатыр», — деді куәгер.
Жазба авторының айтуынша, оқиға №7 емхана маңындағы «Жастар» тұрғын үйінде болған.
Аталған жазбаға қатысты құрылысшылар пікір білдірді.
«Техникалық тексеріс нәтижесінде аталған учаске авариялық болып танылды. Жобаға түзету енгізу барысында учаске керегесін демонтаж-монтаж жүргізіледі. Қазіргі сәтте жоба шешіміне байланысты жұмыстар жүріп жатыр», — деп жазды «Елорда құрылыс компаниясы» ЖШС өкілдері.