Нұр-Сұлтанда қытайлық Shacman жеңіл көлікті соғып, Camry жүргізуші қаза тапты
10 мамырда Нұр-Сұлтанда жол апаты болып, жүк көлігімен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлады Tengrinews.kz.
10 мамырда сағат 18:40-та «102» арнасына жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша хабарлама келген.
«Toyota Camry автокөлігінің 51 жастағы жүргізушісі әл-Фараби даңғылы бойымен 40-ыншы станцияға қарай бара жатып, қарсы жолаққа шығып кетті, сөйтіп 32 жастағы жүргізуші басқарып келе жатқан Shacman жүк көлігіне соқтығысқан», — деп хабарлады полиция өкілдері.
Жол апаты салдарынан Toyota Camry жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Аталған факт бойынша терегу жүріп жатыр.