Home Жаңалықтар әл-Ақсадағы Израил қысымы: Қазақ Мүфтияты мәлімдеме жасады

әл-Ақсадағы Израил қысымы: Қазақ Мүфтияты мәлімдеме жасады

0
145

Құдыс қаласының шығысындағы қасиетті жерде Қадір түнін қарсы алуға жиналған палестиналықтар мен Израиль полициясы тағы да қақтығысып қалған болатын.

Қақтығыс салдарынан 80 адам жарақат алды. Зардап шеккендер арасында балалар да бар. Құдыстағы «Әл-Ақса» мешітінің жанына 75 мың мұсылман жиналған. Израиль билігінің жергілікті палестиналық тұрғындарды ата қонысынан күштеп көшіріп, орнына еврей азаматтарын орналастыруы – наразылықтың негізгі себебі.

Аталмыш оқиғаға байланысты Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеме жасады.

«ӘЛ-АҚСА МЕШІТІНДЕГІ ЖАҒДАЙҒА БАЙЛАНЫСТЫ ҚМДБ МӘЛІМДЕМЕСІ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мейірім мен шапағат айы болған Рамазан айында әл-Құддыстағы Ислам дініндегі қасиетті үшінші мекен саналатын әл-Ақса мешітінде орын алған жағдайға алаңдаушылық білдіреді және күрделі мәселенің оң шешімін табуын тілейді.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Құлын (Мұхаммедті) бір түнде Харам мешітінен айналасына Өзіміз құт-береке дарытқан Ақса мешітіне кейбір маңызды белгілеріміз бен дәлелдерімізді көрсету үшін алып барған Алла – мінсіз (мұқтаждық пен дәрменсіздіктен, кемшілік атаулыдан ада). Ол – Сәмиғ (бәрін естуші), Басир (бәрін де көруші)» («Исра» сүресі, 1-аят) деп баяндайды.

Еліміздегі барша мұсылманды қасиетті айдың соңғы күндерінде қасиетті мекеннің тыныштығы үшін дұға жасауға үндейміз. Алла Тағала қасиетті әл-Ақсаның бейбітшілік пен амандықта болуын нәсіп етсін! Әмин!»