Нұр-Сұлтанда қылмыстық топ пен полиция арасындағы атыс видеоға түсіп қалды

0

Нұр-Сұлтан қаласының ПД қызметкерлері киік мүйізінің ірі партиясын тәркілеу бойынша арнайы операция өткізді. Бұл туралы Polisia.kz сайты жазды.

9 сәуірде киік мүйізінің ірі партиясын сату кезінде қылмыстық топ ұсталды. Әлеуметтік желілерде пайда болған видеода браконьерлерді ұстау кезінде қару қолданылғаны айтылады.

«Олар 55, 52 және 44 жастағы екі елорда және бір Қарағанды облысының тұрғыны болып шықты. Нұр-Сұлтанда тұратын екеуі елордадан киік мүйіздерін сату нарығын іздеп, кейіннен Қарағанды облысының аумағында сатпақ болған. Ұстау кезінде 293 дана мүйіз тәркіленді (ірі партия). Мемлекетке алдын ала келтірілген шығын көлемі шамамен 500 миллион теңге», — делінген хабарламада.

https://youtu.be/QQyhgtEff8A

Күдіктілердің тұратын жері мен олардың байланыстарының алты мекенжайы бойынша бір уақытта тінту жүргізіліп, айғақ заттар мен дәлелдемелер алынды. Сонымен қатар, есірткі заттары тәркіленді.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 393-бабыны сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Барлық күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүріп жатыр.