Иманбек Sean Paul және Sofia Reyesпен бігірп жаңа трек шығарды (аудио)

0

Grammy иегері, қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов Sean Paul және Sofia Reyes-пен бірлескен жаңа сингл шығарды.

Imanbek жаңа трекпен Instagram-парақшасында бөлісті.

 

Еске салсақ, Иманбек Зейкеновтің SAINt JHN атты әншінің Roses әніне жазылған ремиксі Grammy сыйлығын жеңіп алған болатын.

Бұған дейін Ақсу гарнизонының басшылығы музыканттың әкесі Марат Сүлейменовті Наурыз мерекесімен әрі ұлы Иманбек Зейкеновтің жеңісімен құттықтап, 1-дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін» медалін табыстаған еді.

Жуырда павлодарлық диджей сондай-ақ Rita Ora және David Guetta сияқты әлемге әйгілі музыканттармен бірлесіп жаңа ән жазған болатын.