Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бес науқастың халі мүшкіл — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған бес науқас ауыр халде жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

 науқас

Бұл туралы елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлім етті. 

«Елордамызда вирусты жұқтырғандардың саны 222-ге жетті. Оның ішінде 46 пайызы ер, 54 пайызы әйел адамдар және 43 пайызы 30-49 жасқа дейінгі азаматтар, 27 пайызы 18-29 жасқа дейінгілер, 17 пайызы 50-59 жастағылар, 9 пайызы 60-69 аралығындағы азаматтар, 1 пайызы 70 және одан жоғары жастағылар, 3 пайызы 18-ге толмаған балалар»,- дейді Қисықова.

Елордада жалпы 28 адам аурудан емделіп шығыпты. Бұл қаладағы науқастардың 13%-ын құрайды екен. Бүгінгі күні Нұр-Сұлтанда 203 адам коронавирустың емін алып жатыр екен.

«Оның ішінде 10 науқас — Ақмола облысының тұрғыны. Сонымен қатар 5 науқастың жағдайы ауыр халде. Үшеуі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізіліп жатыр. Басқа науқастардың жағдайы қалыпты. Нұр-Сұлтан қаласында 28 қаңтардан бастап 6 315 адам бақылаудан және емдеуден өтті. Оның 202-сі — 18-ге толмаған балалар», — деді басқарма басшысы.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 700-ден асып отыр. 

 

stan.kz