Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған аналар 12 сәбиді дүниеге әкелді

0
0

Қазіргі кезде астанада екі жарым мыңнан астам адам індетке шалдыққан болса, оның 270-і кәмелетке толмаған балалар

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Қазақстан астанасында коронавирус жұқтырған аналар 12 сәбиді дүниеге әкелді. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Нұр-Сұлтанның инфекциялық стационарларында коронавирус жұқтырған аналар 12 нәрестені өмірге әкелгенін хабарлағым келеді. Мұнда медицина қызметкерлерінің, біздің әріптестеріміздің еңбегі зор», – деді Қисықова онлайн брифингте.

Айтуынша, қазір қалада барлығы 2 620 індетке шалдыққан науқас тіркелсе, оның 270-і балалар.

Елорда ауруханаларында 730 науқас емделіп жатыр. Соның ішінде 48 пациенттің жағдайы ауыр, ал 18 науқас мүшкіл хәлде. Олар жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда коронавирус жұқтырған әйел дені сау сәби босанды

Бұған дейін Қисықова қалада соңғы кездері пневмониямен ауырғандар қатары көбейіп бара жатқанын айтты. Айтуынша, пневмонияның 70 пайызы – бұл коронавирустың асқынған түрі.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз