Нұр-Сұлтанда көліктен шықпай-ақ коронавирусқа тест тапсыруға болады

0
2
Advertisement

Мамандар бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейтінін атап өтті. Тест құны – 10 мың теңге

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда ЭКСПО аумағында коронавирусқа ПТР-тестілеу жасайтын мобильді орталық ашылды. Мұнда 3-5 минуттың ішінде көліктен шықпай-ақ тест тапсыруға болады.

Зертхана №2 қалалық көпбейінді аурухана базасында іске қосылды, деп хабарлады қала әкімдігінің ресми сайты.

Елорда әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің айтуынша, күн сайын 6 зертханада 4 500 талдау жасалады

«Жалпы, қалада материал жинаумен айналысатын мемлекеттік және жеке зертханалар бар. Орталық та ыңғайлы орналасқан. Азаматтар әуежайға келгеннен кейін тест тапсыра алады. Автокөліктерге арналған тұрақтар жеткілікті», – деді Бақтияр Мәкен.

Оның айтуынша, болашақта жоба қаланың басқа да бөліктерінде ашылуы мүмкін.

Мобильді орталық күніне 100-ден астам тест алуға қабілетті. Процедура тек 3-5 минут алады. Сондай-ақ мамандар атап өткендей, бұл әдіс барлық автокөлік үшін ыңғайлы және ешқандай кезекті қажет етпейді. Тест құны – 10 мың теңге.

Тест тапсыруға небәрі 3-5 минут уақыт кетеді, ал нәтижесі 6 сағаттан кейін белгілі болады

Тестілеу қалай өтеді

Тест тапсырушы эпидемиологиялық факторлар мен симптомдарға қатысты жеке ақпараттар көсетілген сауалнама толтырады. Кабинада дене қызуы өлшенеді. Нәтиже 6 сағат ішінде белгілі болады. Тест тапсырушы оны электронды пошта немесе Whatsapp нөмірі арқылы ала алады.

Оқи отырыңыз: ДДҰ Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны неге артып жатқанын айтты 

Тест тапсырушы Covid-19-қа күдікті болған жағдайда мамандандырылған ауруханаға ауыстырылады. Мобильді скрининг орталығы 08.00-ден 20.00-ге дейін демалыссыз жұмыс істейді. Ол «MEGA Silk way» сауда орталығы аумағында, яғни №2 аурухана мен «MEGA Silk way» сауда орталығы арасында орналасқан.

Нұр-Сұлтанда коронавирусқа ПТР-тестілеу жасайтын мобильді орталық ашылды

Кімдер коронавирусқа тесті тегін тапсыра алады

Зертханада мынадай санаттағы тұлғалар үшін тегін скрининг жасалады:

  • жұмыссыздар,
  • тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар,
  • мүгедектігі бар адамдар,
  • стационарға жоспарлы емдеуге жатқызылатын пациенттер,
  • тыныс алу органдары,
  • эндокриндік және жүрек-қантамыр жүйелері ауруларымен динамикалық бақылауда тұрған 50 жастан асқан пациенттер,
  • эпидемияға қарсы іс-шараларға тартылған арнайы контингент – волонтерлер мен белсенділер, патрульдер,
  • қарттар үйлеріндегі, интернаттық және өзге де мамандандырылған мекемелердегі азаматтар,
  • мектепке дейінгі мекемелердің қызметкерлері.
     



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз