Нұр-Сұлтанда ана мен бала орталығында өрт шықты

0
75

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Өрт шыққан кезде орталық қызметкерлері дереу 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған

НҰР-СҰЛТАН, 7 сәуір — Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласында ана мен бала орталығында өрт шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Өрт туралы хабар 7 сәуірде сағат 13.50-де түскен.

«Б» блогының жертөле қабатында электр сымы тұтанып, 0,5 шаршы метр аумақта өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келгенше орталық қызметкерлері 200-ге жуық адамды сыртқа шығарған. Өрт сағат 14.04-те ауыздықталып, 14.08-де сөндірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ», – деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Өрттің шығу себебі қазір анықталып жатыр. Оқиға орнында 8 адам жұмыс істеп, отты сөндіруге 2 техника жұмылдырылған.



sputniknews.kz