Нұр-Сұлтан мен Алматыдан бірқатар қалаға әуе қатынасы іске қосылды
Қысқа сілтеме алу
Қазақстанның көліктегі бас санитарлық дәрігері республиканың облыс орталықтарына тек солтүстік және оңтүстік астаналардан ғана ұшуға болатынын атап өтті. Қалған өңірлер арасында тікелей рейстер жоқ
АЛМАТЫ, 14 мамыр – Sputnik. Қазақстанның көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сәдуақас БайғабыловШымкент, Ақтау және Орал қалаларынан Нұр-Сұлтан мен Алматыға әуе рейстерін іскеқосу туралы қаулы қабылдады.
Аталған үш қаладағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп танылды, сол себепті елдегі екі ірі қаламенбайланыс қайта жанданды.
Жолаушылардан әлеуметтік қашықтықты сақтауы, бетперде тағуы және дене қызуын тексерту үшін бақылауданөтуі талап етілетін болады. Әуежай терминалдарына шығарып салушыларды өткізбейді.
Сәдуақас Байғабылов қайта іскеқосылған барлық әуе рейс өңірлерді Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласымен байланыстыратынын, бірақ өңірлер арасында тікелей ұшу жоқ екенін атап өтті.
Егер азамат батыстан шығысқа барғысы келсе, оған кем дегенді бір рет басқа көлікке ауысып отыруынатура келеді. Бұл елдегі көлік ағынын тежеп, инфекцияның белсенді таралуына жол бермейді.
Айта кетейік, 1 мамырдан бастап Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында әуе рейсі іске қосылды. 5 мамырдан бастап Семей, Өскемен, Петропавл, Қызылорда; 11 мамырдан бастап Ақтөбе,Павлодар, Тараз, Қарағанды, Талдықорған, Көкшетау, Қостанай өңірінде ұшақтарқатынайтын болды.
13 мамырдан бастап Шымкент, Ақтау, Орал,Жезқазған, Балқаш, Үржар және Зайсан қалаларына ішкі әуе рейстері ашылды.
Жолаушыларды төрт қазақстандық әуе компаниясы Air Astana,FlyArystan, SCAT және Qazaq Air тасымалдайтын болады.
sputniknews.kz