Нұр-Сұлтан Мельница мейрамханасы өртенді

Оқиға
Қысқа сілтеме алу
Жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші жұмылдырылды
НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз — Sputnik. Астаналық төтенше жағдайлар департаментінің пультіне сағат 15:09-да «Мельница» мейрамханасында өрт шыққаны туралы хабар түсті.
Оқиға орнына бірден төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі аттанды. Олар мекен-жайға сағат 15:12 –де жетті. «Мельница» мейрамханасына жапсарластырып салынған орынжайдың шатыры өртеніп жатқаны анықталды.
Тағы оқыңыз: Алматы аспанын қою қара түтін басты — видео
Қазіргі уақытта жалынды ауыздықтауға 30 өрт сөндіруші мен 6 техника жұмылдырылған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін адамдар ғимараттан шығарылды.
sputniknews.kz