Нұр-Сұлтан маңында жолаушылар автобусы өртеніп кетті
![](https://kznews.kz/wp-content/uploads/2020/03/3539517.jpg)
Қысқа сілтеме алу
Куәгерлер көліктің қалай отқа оранғанын видеоға түсіріп алған. Жүргізуші датчиктерден ақау шыққанын байқап, автобусты тоқтатқан
НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. Қосша елді мекенінде жолаушылар автобусы өртеніп кетті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.
Желіде оқиға орнында түсірілген видео жарияланды.
«Кеше, 10 наурызда сағат 21.37-де №303 автобус өртенді. Жүргізуші «Алтын дала» аялдамасына жеткенде автобус датчиктерінің дұрыс жұмыс істемей жатқанын байқаған. Ол тоқтап, автобустың капотын ашқан, сол кезде өрт шыққан», — деп хабарлады City Transportation Systems (бұрынғы Астана LRT).
Жүргізуші алдымен өртті өзі сөндіре бастайды, кейін өрт сөндіру қызметін шақырған, деп нақтылады компания.
Қаңтарда Нұр-Сұлтан әуежайының жанында жолаушылар автобусы өртенді. Көліктің артқы бөлігі өртеніп жатқан сәт видеоға түсірілді. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Нұр-Сұлтанда жолаушылар автобусы өртеніп жатыр — видео
Жолаушылар автобустары сапар алдында міндетті түрде мұқият техникалық тексерістен өтетіні хабарланды.
sputniknews.kz