Home Жаңалықтар Мектеп оқушыларының стартап-жобалары қаржылай қолдауға ие болады

Мектеп оқушыларының стартап-жобалары қаржылай қолдауға ие болады

0
153

Қазақстандағы кез келген мектеп оқушысы өз бизнес жобасын байқауға ұсынып, қаржылай сертификат жеңіп ала алады.

Atameken Academy сайтында atameken.co ”Кәсіпкерлік негіздері» курсын өткен оқушыларға арналған  11 наурыз – 31 наурыз 2020 жылы  “Atameken Stars»  республикалық байқауын ашық деп жариялаймыз.

Байқау барысында оқушылар 16 видеосабақты көріп шығуы керек. Әр видеосабақ бойынша тест тапсырылады.  Видеосабақтар мен тесттерді аяқтаған соң оқушы өз бизнес жобасы туралы презентацияны барша Atameken Academy қауымдастығына ұсынады. Қазіргі таңда қауымдастықта 46021 қолданушы тіркелген.

Жобалар үш номинация бойынша бағаланады: ТОП-20 жоба:ең тапқыр окушылар, ТОП-3 мұғалім («Кәсіпкерлік негіздері» пәнінен сабақ беретіндер арасында), ТОП-5 мектеп («Кәсіпкерлік негіздері» пәнін енгізген мектептер арасында). Байқау нәтижелері тікелей эфирде 2020 жылдың 5 сәуіріне дейін жарияланады.

«ТОП-20 жоба:ең тапқыр окушылар» номинациясында оқушылардың бизнес-жобасын әділ қазылар алқасы бағалайды. Әділ қазылар алқасына елімізге танымал кәсіпкерлер, маркетолог және қаржыгер мамандар кірді. Олардың қатарында:Расул Абдуллаев (Kexmarketing, Yuframe Burger, Marmeladbar, Salambro жобаларының маркетологы), Арслан Даримов (Rocket Study негізін қалаушысы),Назым Нұрсафина(Қазақстан Халық Банкі шағын бизнеске сату басқармасының басшысы),Олжас Ордабаев (ҰКП адам капиталы дамыту департаментінің директоры),Нұғыман Жұлдызбаев («Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» жобасының жетекшісі),Инна Региль(адам капиталын дамыту департаментінің сарапшысы ),Әлішер Өмірбаев (Atameken Academy жоба менеджері), Ермек Дүйсехан (Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі сарапшы).

Оқушыларға арналған үздік жобалардың жеңімпаздары:

1 орын – 150000 тг сертификат – бизнестегі нық қадам

2 место – 100000 тг сертификат – алғашқы қадам жеңіл болуы үшін

3 место – 50000 тг сертифкат бизнес идеяны сынақтан өткізу үшін

Сондай-ақ, белсенді оқушылар мен мұғалімдерді  “Атамекен” ҰКП, Halyk Bank,

Rocketstudy.kz, Yuframe Burger – ден бағалы сыйлықтар күтуде.

Atameken Academy –  бұл жас кәсіпкерлердің  онлайн режимде тәжірибелі кәсіпкерлердің кейстерін зерттеп, құрдастарымен пікір алмасатын бірегей алаң әрі үлкен бизнес-қауымдастық.

Байланысатын тұлға: “Atameken Stars” жобасының менеджері Әлішер Өмірбаев.

87710007969

[email protected]mail.com