Нұр-Сұлтан әуежайының коды TSE-тен NQZ-ке қашан өзгереді — Қазақстан жаңалықтары

0

8 маусымнан бастап Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы кодты TSE-ден NQZ-ке өзгертеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі елордалық әуежайдың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

әуежай

2020 жылдың 8 маусымынан бастап авиакомпанияларды брондаудың барлық жүйелерінде, соның ішінде билеттерде, жолжүк жапсырмаларында, ақпараттық тақталарда NQZ жаңа әуежай коды қолданылатын болады.

«Код бір рет берілетіндіктен, енді өзгермейді, астаналық әуежайдың әкімшілігі бұл күнді тарихта қалдыруға шешім қабылдады. 

8 маусымда лентаны кесу салтанатты рәсімі жоспарланған»,-деп хабарлады әуежайдың баспасөз хатшысы Назгүл Талипова.

Әуежайдың халықаралық терминалында бірінші қабатта код өзгерген күні код әріптерінен жасалған көлемді макет орнатылады.

stan.kz