Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Ақтау, Қызылорда, Түркістан
Дүйсенбі күні елдің басым бөлігінде ауа райы қолайсыз болады
НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым — Sputnik. 17 маусым, дүйсенбі күні Қазақстанның біраз өңірінде жаңбыр жауып, жел күшейеді. Тұман болып, бұршақ жаууы мүмкін. Тек оңтүстік, оңтүстік-шығыс пен солтүстік-батыста ғана жауын-шашынсыз болады, деп хабарлады Қазгидромет.
Ірі қалалардағы ауа райы
Нұр-Сұлтанда дүйсенбі күні күн жаңбырлы, жел соғады. Күндіз плюс 16-18, түнде 8-10 градус. Елордада дабылды ескерту жарияланып отыр. Таңертең және күндіз найзағай ойнауы мүмкін, оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 20 метрге дейін жетеді.
Алматыда 17 маусымда көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Күндіз плюс 28-30, түнде 15-17 градус жылы.
Шымкентте де көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Күндіз сынап бағанасы 32-34 градусқа дейін көтеріледі, түнде 16-18 градус.
Өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан облысында ертең тұман, найзағай мен дауыл болады. Желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді.
Ақмола, Қостанай, Қарағанды өңірлерінде де дауыл мен бұршақ күтілуде. 15-20 м/с жел соғады.
Павлодар облысында тұман, найзағай, жел күшейеді.
Тағы оқыңыз: Қатты жел шатырмен бірге адамды ұшырып әкетті — видео
Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Қызылорда өңірлерінде желдің екпіні – 15-20 м/с.
Алматы облысында бұршақ жаууы мүмкін. Желдің екпіні – 17-22 м/с, кейде секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін.
Түркістан және Ақтөбе облыстарында да жел күшейеді.
Синоптиктер Атырау өңірінде найзағай болады деген болжам жасады.
Дабылды ескерту
Дүйсенбі, 17 маусым күні Атырау, Қызылорда, Батыс Қазақстанның кей жерлерінде, Ақтөбе, Қостанай, Түркістан облыстарында өрт қаупі жоғары болады.
Ақмола өңірінде найзағай, дауыл және бұршақ. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады. Екпіні – 15-20 м/с. Дабылды ескерту ықтималдылығы – 85-90%.
sputniknews.kz