Көмекке ұмтылғандар 30-дан астам оқушыны құтқарды

0
64

16 маусымға қараған түні Атыраудағы «Райхан» қонақ үйінде өрт болды.

Оқиға орнынан құтқару қызметіне 01: 19-да хабар түсті.

«Өрт саунаның жерасты қабатындағы пар бөлмесінен басталған. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер саты арқылы шығып, 3 бал мен 31 ересек адамды, 29 баланы құтқарды», — деді Қазақстанның ТЖ жөніндегі комитеттің баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарылғандар мен сыртқа шығарылғандар Оралдан жарысқа келген балалар. Оқиғадан зардап шеккендер мен құрбандар жоқ. Өрттің себебі аынқталып жатыр.

Оқиға кезінде бірнеше баланы құтқарып қалған студент жігіт өзгелермен бірге 29 баланы аман алып қалды.

«Мен өрт шыққан көрген бойда, көмекке ұмтылдым. Саты болмағандықтан жақын тұрған баннер арқылы екінші қабатқа көтерілдім Терезені шағып кіргенде, 4 бала бар екен. Оларды екінші қабатта тұрған өзге балаларға бердім. Екінші бөлмеде де 4 бала бар екен. Оларды да жігіттерге жеткіздім. Мен жалғыз болған жоқпын. 5-6 жігіт құтқардық», — дейді Нүркен Дүйсенбаев Қазақпаратқа берген сұхбатында.

Нүркен 21 жастағы студент. Атырауға Тараздан келген. Мұнай және газ мамандығы институтында оқып жатыр. Сабақтан тыс уақытта мейрамханада күзетші болып жұмыс істейді.

Мейрамхана қызметкерлері де Нүркеннің ерлігі жайлы желіден естігенін айтады. Өзі бұл туралы ешнәрсе айтпаған екен.

«Менен батыр жасаудың керегі жоқ. Менің орнымда кез келген адам көмекке ұмтылады деп ойлаймын», — дейді студент жігіт.

stan.kz