«Nur Otan» млн теңгеге «қыздық» сатып алған мәслихат депутатын қатарынан шығарды
«Nur Otan» 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталған ақтөбелік мәслихат депутаты, «Нұр Отан» мүшесі Аркадий Ниді партия қатарынан шығарды. Бұл туралы KzNews.kz ақпарат агенттігіне облыстық филиал өкілдері хабарлады.
«Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты Аркадий Нидің заңға қайшы әрекет жасады деген күдікпен ұсталу фактісі бойынша «Nur Otan» облыстық филиалының Партиялық бақылау комиссиясы облыстық филиалдың Саяси кеңес Бюросына Аркадий Ниді «Nur Otan»-ның партиялық билетінен айыру туралы мәселені қарауды ұсынғанын хабарлаймыз» делінген хабарламада.
«Облыстық Саяси кеңес Бюросының қаулысымен Аркадий Ни «Nur Otan» партиясының қатарынан шығарылды» филиал өкілі.
Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін интернетте Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 15 жасар қызбен жыныстық қатынас жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат берген болатынбыз.