Анасына млн теңге берген: Ақтөбелік мәслихат депутаты, «Нұр Отан» мүшесі 15 жасар қызды зорлады деген күдікпен ұсталды

1
12035

Интернетте Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, 15 жасар қызбен жыныстық қатынас жасады деген күдікпен ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Ratel.kz басылымы оның бірнеше рет қызбен жыныстық қатынасқа түсіп, алғашқы ретінде қыздың анасына миллион теңге төлегенін хабарлайды. Одан кейінгі уақытта – 50 мың теңге төлеген.

Айыптардың ресми таныстырылымы алдында депутаттың аты-жөні жарияланбаған, бірақ телеграм каналдар оның Ақтөбе облыстық мәслихатының депутаты, «шұжық королі» Аркадий Ни екенін жазды.