«Нұр-Отан» басылымы Қадыровтың күзетіне қанша қаржы кететінін санады, ал, Назарбаевқа…

0

«Нұр-Медиа» ЖШС-ға тиеселі «Түркістан» басылымы Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қауіпсіздігі үшін жылына қанша қаражат жұмсалатынын жайлы жазды. Осыдан сәл ғана уақыт бұрын «Айқын» басылымы журналист Ербол Мәндібектің үкіметбасы мен оның орынбасарларының бюджет ақшасына қалай шалқып ұшатыны жайлы жазбасын зерттеп, мақала жариялаған болатын. Кейін оны өшірді. Біз аталмыш мәтінді көшіріп бастық.

Енді заңды сұрақ туындайды. Ел бюджетінен қаржыландырылатын «Түркістан» басылымы тек көрші Ресейді емес Елбасы мен Тоқаевтың күзет қызметіне қанша қаржы жұмсалатынын да санаса дұрыс болады.

Себебі, біздің үкіметті басқарып отырғандар жай ғана ұшаулары үшін ондаған миллиард теңге қаржы жұмсасайды. Ал, олардан да биік деңгейдегі шенділердің ұшуы, күзеті жайлы ашық айтылатын уақыт келді. Есебі берілсін. Халықтың табан-ет маңдай терімен, қазба байлықпен жиналған қаражаттың қайда жұмсалып жатқанын бүкіл ел білуге хақылы.

«Шешенстан президенті Рамзан Қадыровтың қауіпсіздігі үшін жылына кемінде 200 миллион рубль жұмсалады. Бұл соманы мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтерге сүйене отырып «Открытые медиа» басылымы есептеп шығарды» дейді «Түркістан».

«Бұл қаржыға Ресейдің Ұлттық гвардиясының 400-ден астам қызметкері Қадыровтың өзін, жылжымайтын мүліктерін, резиденцияларын және отбасын қорғайды.

Басылымның дерегінше, заң бойынша Қадыров ғана емес, оның анасы мен отбасы мүшелері күзетпен жүруге құқылы.

Шешенстан басшысы республикада қауіпсіздік және тәртіп орнағанын айтып келгенімен, соңғы бес жыл ішінде оны Ұлттық гвардияның 388-ден 430-ға дейін қызметкері қорғаған. Басылым бұл санды мемлекеттік сатып алулар порталындағы мәліметтер негізінде есептеп шыққан.

2017 жылы шенеуніктер 101,6 миллион рублге 200 күзетші жалдаған. Олардың 62-сі Қадыровтың резиденциясының, тағы 62-сі жеке хан сарайын, қалғандары Грозный қаласындағы әкімшілік ғимаратының қауіпсіздігіне жауапты болған.

Шешенстанда «Тұңғыш президенттің жесірінің әлеуметтік және басқа кепілдіктері туралы» заң бар. Оған сәйкес, Қадыровтың анасы қорғалады» дейді басылым.

Айта кету керек, «Түркістан» бұл жазбасын Facebook әлеуметтік желісінің ақылы жарнама қызметіне қосқан.

Facebook ақылы жарнама қызметінің скриншоты

Сайттан скриншот