НУ ма­гис­трант­та­ры «Қазцинк» компаниясында тәжірибеден өтпек

0

Бағдарлама аясында аталған оқу ор­нының 20 студенті Көкшетау, Риддер және Зырян қалаларына келіп, тау-кен өндірісімен жете танысып, білімдерін тәжіри­бемен ұштастырып қайтты.

Елбасы қазан айындағы Жол­дауында еліміздің білім сала­сы жаң­артуды қажет ет­етін­дігіне тоқ­талып, білім сапасын көтеріп, түлек­тер­дің жұ­м­ыс­­қа орна­ласуына көңіл бөлу керек­тігін ерекше атап өткен еді. «Президент білім саласындағы түйткілді мәселелерді айтып қана қоймай, одан шығудың жол­дарын да көрсетті. Жол­дау тұтастай алғанда біздің ком­па­ния­ға, оның әрбір қыз­мет­керіне қат­ыс­ты деуге болады. Жұмыс беру­ші ретінде Мемлекет басшысының жоғары оқу орындарындағы білім сапасын көтеру туралы айтқандарын толығымен құптаймыз. Өз жұмысына жетік, кәсіби мамандарды әзірлеу ірі компаниялар үшін де, университет үшін де аса маңызды. Қазіргі уақытта жастар заман тала­­бына сай техникалық білімді кө­бірек алғандары абзал. Біздің кәсіпорын бұл іске белсене араласып, Назарбаев Университетпен тығыз ынты­мақ­тастық орнаттық», дейді «Қазцинк» ЖШС әкімшілік мәселе­лер жөніндегі атқарушы директоры Андрей Лазарев.

Өндірісті өңір Шығыста тәжіри­беден өткен 20 студенттің бірі ­– оралдық Айтолқын Язитова. «Риддерде алғаш рет болдым. Ерекше тәнті еткені, сұлу табиғат пен мейі­рімді адамдар. Мені «Қазцинк-Шахтостройдың» мар­к­­шейдер бөлімінің қыз­мет­кері Анастасия Куз­не­цова­ға бекітті. Ол кісі барлығын мұқият түсіндіріп, сұрақтарыма жау­ап берді. Шахтаға өзімен бірге алып түсіп, маркшейдер жұмыс­ының мәні мен маңызын, ерекшеліктерін жақсылап айтып берді. Тәжірибе барысында өндірістегі жұмыс барысын көзбен көріп, кенші маман­ды­ғының қиындықтары мен қызықты тұстарын сезінгендей болдым», дейді ол.

Назарбаев Университеттің «Тау-кен ісі» бағдарламасының үй­лес­тіру­шісі Данияр Мал­ғаж­дар елі­міз­дегі ір­ге­лі өн­діріс орын­дары­мен ынтымақ­тас­тықты алдағы уақытта да жал­ғас­тыруды жоспарлап отыр­ғандарын айтады. «Сала көш­басшылармен бірлесе қолға алынған мұндай жобалар кенші мамандарының мәртебесін жаңа белеске көтереді. Өйткені бола­шақ жас мамандарға заманауи өндірісті өз көздерімен көруге мүмкіндік бар. Университет студенттері тек тәжірибеден өтіп қана қойған жоқ, қалыптасқан, үлкен ұжымның тыныс-тіршілігімен де жақынырақ танысты», дейді ол.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз