Новосібір қаласына қосымша пойыз аттанатын болды

0

«Нұр-Сұлтан — Шу» және «Алматы — Новосібір» бағытында пойыздар іске қосылады

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз — Sputnik. «Жолаушылар тасымалы» компаниясы елордадан Шуға және Алматыдан Новосібірге бір реттік қосымша пойыздарды іске қосатын болды.

Ұлттық тасымалдаушы баспасөз қызметінің хабарлауынша, №220/219 «Нұр-Сұлтан 1 – Шу» пойызы елордадан 2019 жылдың 31 тамызында сағат 09.55-те шығып, Шуға сол күні сағат 20.00-де жетеді.

Шу станциясынан 21.15-те шыққан пойыз Нұр-Сұлтанға келесі күні 08.50-де жетеді.

Екінші пойыз — №302/301 «Алматы-2 — Новосібір» 2 қыркүйек күні сағат 17.13-ке жоспарланыпты, қарсы бағыттағы темір жол рейсі Новосібірден 4 қыркүйек күні сағат 14.31-де (жергілікті уақыт) шығады.

Бұған дейін белгілі болғандай, «Жолаушылар компаниясы» пойыздарда шылым шегуге тыйым салмақ. Енді перрондарда темекі тартатын арнайы жер болмақ, әр аялдамада жолаушылар перронға шығып, шылым шеге алады.



sputniknews.kz