Норвегия азаматы қарындасын өлтіріп, мешітке келушілерге оқ атқаны үшін 21 жылға қамалды – Қазақстан жаңалықтары

0
0

Ослодағы мешітте қарындасын өлтіріп, келушілерге оқ атқан 22 жастағы норвегиялық Филип Мансхаус 21 жылға бас бостандығынан айырылды, ең аз 14 жыл жазасын өтеу керек, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Филип Мансхаус

2019 жылдың 10 тамызында винтовкамен және мылтықпен қаруланған Мансхаус Осло қаласының маңындағы «Әл-Нұр» мешітіне кірген. Намаз енді аяқталған, ғимаратта үш адам болған кезде Мансхаус бірнеше рет оқ атыр үлгереді. Кейін оны мешіттің күзетшілерінің бірі, Пәкістан әуе күштерінің бұрынғы офицері тоқтатады.

Судья Анника Линдстром сотта Мансхаусдың кінәлі екенін, өзінің мойындауы бойынша ол «мүмкіндігінше көп мұсылмандарды өлтіруге» барғанын, сондай-ақ нәсілдік соғысты бастағысы келетінін айтты.

Мешітке барар алдында Мансхаус 17 жастағы туыс қарындасын өзінің бөлмесінде атып тастаған. Қызда қытайдың қаны болған. Бұқаралық ақпарат құралдары қызды мешітке жасалған шабуыл туралы білген болуы мүмкін деп болжайды.

Бұл ретте Мансхауста камерасы бар дулыға болды – ол шабуыл жасап, оны интернетте көрсеткісі келді, бірақ эфирге шыға алмады.

Мансхаустың қылмысы лаңкестік шабуыл деп қарастырылды.

Үкімді оқыған сәтте судья Анника Линдстрем Мансхаустың интернетте неонацистік ресурстарға кіргенін атап өтті, соның ішінде «нәсілдік соғысқа» шақырған үндеулер де бар.

Мансхаустың өзі сотта өкінудің белгілерін көрсеткен жоқ.  Ол 2019 жылы наурызда Жаңа Зеландия астанасындағы мешіт жамағатына оқ атқан және интернетте шабуылды түсірген видеоны таратқан Брентон Тарранттың іс-әрекеттеріне тамсанған. Таррант шабуыл жасаған мешіт те «Әл-Нұр» немесе «Нұр» деп аталды.

Сот қорытындысынан бөлек, Норвегия азаматына қаза тапқандардың отбасыларына өтемақы төлеуге және сот шығындарын төлеуге міндеттеді, бұл оған 16 500 долларға түседі.

stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз