«Норманд» саммиті өтті. Зеленский енді қандай шешімге келеді?
Қысқа сілтеме алу
Парижде өткен «норманд форматындағы» кездесуінде Украина делегациясы, президент Зеленский мен оның ішкі саяси ұлтшыл-радикал қарсыластарын бір уақытта бақылау аса қызық болды
Украина делегациясы өз-өздеріне сенімді болып көрінді. Зеленский өзінің ұлтшыл-радикалдарын есінен бір уақытқа да шығармады (ол Парижде болса да, олар жақында Украина астанасында кездесуі тиіс).
Ал радикалдар Киевте «капитуляция мен масқара» деп санаған нәрселерді тоқтатуға тырысты. Мен капитуляция жайлы сенімді емеспін.
Әзірге Украина қарсылық көрсетуге тырысып жатыр. Іс жүзінде Зеленскийді Минск келісімдері баламасының жоқтығын мойындау үшін ғана «сатқан». Ал масқара жайлы олар дұрыс айтады.
Мәскеу, Берлин мен Париж пікірлес болды
Әрине, бұл кеше басталған жоқ. «Минск масқарасын» бірінші болып Петр Порошенко көрді.
Бірақ ол кезде бұл соншалық көзге түспейтін. Біріншіден, Порошенко Минск келісімдеріне қол қойған кезде Украина әскері жеңіліп, қашып бара жатқан.
Кез келген сәтте майдан жақтаушылары арасында үрей басталуы мүмкін еді. Бір нәрсені сақтап қалу немесе барлығынан айырылу арасында таңдау болды.
Екіншіден, сол кездері Париж бен Берлин Украинаны жақтап сөз сөйлеп, Киевті жан-жақты қолдайтын. Порошенко болашақта келісімдерді қайта қарай аламын немесе өзінше оқимын деп есептеді.
Ал осы кездесуде Зеленский жалғыз қалды. Ресей, Германия және Франция бірлесіп, Украина аумағындағы азаматтық жанжалды реттеу форматы бойынша шамамен бірыңғай, келісілген позицияда сөз сөйледі.
Тағы оқыңыз: «Норманд төрттігі» елдерінің басшылары кездесті: қандай келісім жасалды
Украина осындай жағдайды өзі жасады. Украина саясаткерлеріне уақыт өзгеріп жатыр, бүгінгі одақтас ертең қарсылас болуы мүмкін, сыртқы қолдау өз күшіңе деген сеніммен толығуы тиіс деп қанша түсіндірсең де, олар Батыс орыстарды жек көретін кез келген режимді қолдайды, Батысқа елдің сыртқы саясаты мен қауіпсіздік саясатын сеніп тапсыруға болады деген сенімде. Батыс мықты, ол қорғайды.
Нәтижесінде, Батыс жағдайды әдейі басқаша бағалағанда, Украина жалғыз қалады. Қайталап айтамын, Украина сыртқы күштердің оған өзінің ішкі проблемаларын қалай шешу керектігін айтатындай жағдайды өзі жасады.
Киев «норманд форматында» одақтастарымен бірге Ресейге қысым жасаймын деп болжады. Бірақ одақтастар Ресеймен конфронтацияда болу тиімді емес екенін тез түсінді.
Зеленскийге «норманд форматындағы» кездесуден басқа нәтиже күткендей, бірақ бәрі басқаша болды.
Жаңа жылға қарсы нәтиже бола ма?
Парижде Минск келісімдерімен қатар газ мәселесі де талқыланды. Бұл мәселеде Германия ғана емес, Франция да Ресей ұстанымын қолдады.
Киев жол бермеді, бірақ оның келешегі де жоқ, — Еуропа транзитпен қамтамасыз етуді талап етіп отыр. Зеленскийге аздап уақыт берілді.
Егер Украина «Минскті» орындауда жұмыс көрсетсе, төрт айдан кейін тағы кездесуге келісті. Киевтің ресейлік газдың Еуропа одағына үздіксіз транзитін қамтамасыз ету мүмкіндігі келесі кездесуде маңызды рөл атқарады деп ойлаймын.
Украина маңызды мәселелер бойынша алғашқы қорытындыларды Жаңа жылға дейін беруі тиіс. Әрине үлгеруге болады, бірақ Киев осы бағытта бірдеңе істегісі келе ме?
Зеленскийге «норманд форматы» шешімдерінің орындалуы мен өз радикалдарымен соғыс арасында таңдау жасау керек. Ол таңдау жасауға тәуекел етпейді деп қорқамын.
sputniknews.kz