Жаңа жыл мерекесінде балконда не істеуге болмайды – полиция ескерту жасады

0

https://sputniknews.kz/images/1193/47/11934774.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/regions/20191210/12254390/balkon-politsiya.html

 Өскемен полициясы Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып отшашу атуға тыйым салды. Былтыр үш балкон өртенген

НҰР-СҰЛТАН, 10 желтоқсан – Sputnik. Жаңа жыл мерекесінде балконда тұрып отшашу атуға тыйым салынады.

Бұл туралы Өскемен қаласы полиция басқармасының азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау бөлімінің инспекторы Айдар Манженов айтты, деп хабарлады Алтайньюс.

Қалалық төтенше жағдайлар басқармасының ақпаратына сенсек, былтыр Жаңа жылда үш балконнан өрт шыққан. Осыған байланысты құтқарушылар тобы дабыл қағып отыр.

Отшашу жасамақшы болған ақтөбелік саусағынан айырылды

«Былтыр балконда отшашу жағамын деп көршісінің балконын өртеп алған қаншама оқиға болды. Сондықтан да, отшашуды ашық жерде атқан дұрыс. Аталған талапты сақтамағандар Қазақстан Қылмыстық кодексінің 434-бабы «Бұзақылық» бойынша әкімшілік жазаға тартылады», – дейді инспектор Айдар Манженов.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз