Ноғаев ресейлік әріптесімен кездесті

Қызметіне тағайындалғаннан кейінгі алғашқы екі жақты кездесуде энергетика министрі Александр Новакпен энергетика саласындағы өзара әрекет мәселесін талқылады
НҰР-СҰЛТАН, 12 ақпан — Sputnik. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
©
Photo : пресс-служба Минэнергетики Казахстана
Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ресейлік әріптесі Александр Новакпен кездесті
Министрлер екі жақты әріптестік және Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы серіктестік мәселелелерін талқылады.
Нұрлан Ноғаев «Сила Сибири – 2» газ құбырын Қазақстан аумағымен өткізіп, Қытайдың «Батыс-Шығыс» жүйесіне қосу туралы ұсыныс жасады.
sputniknews.kz