Нидерландыда ауруханада төсек жетіспей, COVID-19 пациенттерін Германияға жеткізілуде

0

Нидерланды коронавирусын жұқтырған алғашқы тұрғындар Германияның Мюнстер университетінің ауруханасына 23 қазанда әкелінді, деп жазды неміс Bild басылымы.

Нидерландыдан ауруханалардағы орындардың тапшылығына байланысты олар Германияға конавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды жеткізе бастады. Бұл туралы 24 қазанда неміс Bild басылымы хабарлады.

Алғашқы науқастар 23 қазанда Нидерландыдағы Альмере қаласынан Германияның Мюнстер университетінің ауруханасына жеткізілді. Бұл ауруханада Нидерландыдан келген COVID-19 пациенттеріне ақысыз көмек көрсету үшін жансақтау бөлімінде 85 төсек бар. Bild мәліметінше, Нидерландыда 2 115 пациенттің 501-і коронавирустық реанимацияға мұқтаж.

COVID-19 коронавирустық инфекциясы 2019 жылдың желтоқсанында Қытайда басталды. 2020 жылы 11 наурызда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.

Жалпы алғанда, ДДСҰ мәліметтері бойынша, 24 қазандағы жағдай бойынша әлемде коронавирустық инфекцияның 42 миллионнан астам жағдайы тіркелген.

Нидерландыда 272 мыңнан астам адамға коронавирустық инфекция диагнозы қойылған. COVID-19 пациенттері арасында 6 954 өлім тіркелді. Германияда бұл сандар сәйкесінше 418 мың және 10 003 құрайды.

Керімсал Жұбатқанов