«Неткен сұмдық! Шекара – әңгіменің басы ғана» Марғұлан Сейсембай Қазақ-Қырғыз шекарасындағы мәселені айтты

0
813

Өткен аптада Қазақстанның ең ықпалды бизнесмендерінің бірі, саяхатшы және меценат Марғұлан Сейсембай Бішкекте болып, онда бірқатар кездесулер өткізді, соның ішінде Жогорку Кенештің депутаттарымен, шенеуніктермен, блогерлермен және журналистермен кездесті. Қайтар жолында кәсіпкер қырғыз-қазақ шекарасынан өтудің барлық «ләззаттарын» сезінді.

«Кеше Бішкектен 18:05-те шыққам. Шекара бекетіне 19:07-де жетіп, қырғыз шекарасын 15 минутта өттім. Қазақстандық шекара бекетіндегі жұмыстың тиімсіздігі мен ондағы былықпайшылықтың шегі жоқ. Бұл жерде барлығы да адамды қорлап, оны күттіріп, онымен қоймай, бұл ел үшін ешкім емес екеніңді сезіндіру мақсатында жасалған. Жүк көліктерінің ұзын-сонар кезегі тұр. Қазақстандық шекарашылар көліктердің 100%-ын рентген мен тексеріске жіберіп жатыр. Шекарашылардың жартысы ұйқыда. Рентгенде жалғыз адам отыр. Қызметкерлердің біреуінің адамдармен шаруасы жоқ, барлығына екі қойың бір тиын. Неткен сұмдық!

Жолға 7,5 сағат, соның ішінде, шекараны өтуге 3 сағат кетті! Жүк көліктері мен жеңіл автокөліктердің легін екі бөлуге бұл елде ешкімнің басы жетпей ме? Тағы бірнеше рентген аппаратын сатып алуға болмай ма? Процедураларды реттеуге болмай ма? Астанадағы бір LRT коллоннасына кеткен қаражатқа жылына жүз мыңдаған адам өтетін мына бейшара күйдегі шекара бекетінің жағдайын жасауға болар еді.

Шекара – әңгіменің басы ғана. Екінші жырымыз – тозығы шыққан жолдар. Жолдың жартысы тесік-шұқыр. Бішкек пен Алматының арасы бар-жоғы 234 километр. Бұл жолды максимум дегенде 2 сағатта жүріп өтуге болар еді. Ал менің оған 7,5 сағатым кетті!

Біздің биліктегілер тек сөз жүзінде ғана “бауырлас халықпыз” дейді. Шекара бақылауы мен арадағы жолға қарасам, біздің қарым-қатынасымыз Палестина мен Израиль арасындағыдан бетер ме дедім.

Және мен мұны бүгін, өз-өзіме келген соң жазып отырмын. Кеше жазсам, не боларын ойлай беріңіз енді» деді Марғұлан Сейсембай.