Несиеге рақымшылық жасалады деген ақпарат рас па?

0
96
Фото aikyn.kz сайтынан алынды

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтардың несиелері кешіріледі деген ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады, деп жазады kznews.kz сайты Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Айта кетсек, бұған дейін қазақстандықтар әлеуметтік желілерде үш жыл бұрынғы ақпараты бар бейнеролик таратылып жатқаны айтылған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл ақпараттың шындыққа жанаспайтынын мәлімдейді.

«Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде «кредиттік рақымшылық» жасалды және халықтың қарыздары есептен шығарылды-мыс деген дәйексіз ақпараттың белсенді түрде таратылып жатқандығын мәлімдейді», – делінген Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәлімдемесінде.

Агенттік мәліметінше, 2019 жылғы қыркүйектен бастап 2020 жылғы сәуір аралығында көрсетілген. Нәтижесінде 577,7 мың азамат үшін жалпы сомасы 120,5 млрд теңге болатын берешекті есептен шығару рәсімі жүргізілді. Алайда азаматтардың несиесін кешіру туралы қаулы 2019 жылғы 13 желтоқсанда қолданысын тоқтатты және қазіргі уақытта оның заңды күші жоқ.

«Бұл бастама бір реттік бастама болды. Азаматтар мен бұқаралық ақпарат құралдарына жалған мәліметтерге сенбеуді және ақпаратты тек ресми және тексерілген дереккөздерден басшылыққа алуды сұраймыз», – деп қосты агенттік өкілдері.