Неліктен өнерде жүрген сылқымдар ашық-шашық фотосессияларға құмар?
Құралай Анарбекованың, жақын күнде ашық бейнедегі фотоларын желі беттерінен көрсеңіз таңғалмаңыз. Себебі, кинопродюсер сондай үлкен тәжірибеге барғысы келіп жүр екен. Тіпті актрисаға анасы да: «Сен өнер адамысың. Қорықпа. Жарқырап жүр», — деп жиі айтады.
Құралай Анарбекова, актриса, кинопродюсер:
– Егер мен сондай болып шықсам, таңғалмаңыз. Енді бірақ та образға байланысты болмаса, мен былай ашық-шашық түсу… Менде ондай мінез жоқ.
Десе де Құралай әзірге ой үстінде. Ал оның әріптесі – Айнұр Ілиясова, керісінше кез келген жаңашылдыққа дайын.
Айнұр Ілиясова — актриса:
– Қазіргі сәтті суретке түсіріп алу меніңше жаман нәрсе емес. Иә, егер мысал үшін сенің ортаң оған дайын болса, неге жаңағы инстаграмға салмасқа.
Сара Амангелді болса, бұл тақырыпты ойлап тіптен бас қатырмайтын болып шықты. «Қазақы тәрбие жібермейді», — деген актриса, бұндай қадамға бармауының тағы бірнеше себебі түсіндіріп өтті.
Сара Амангелді, әнші:
– Мен ойлаймын, ертең менің балаларым болашақта өз анасын ашық-шашық түрде көргенін қаламаймын. Өйткені ол ертең қаншама өзінің сыныптастарымен достарымен араласады. Ертең мен туралы бірдеңе «анаң осындай» деп.