Алмас Кішкенбаевтың бұрынғы жары Мөлдір Серікбаева ашық фототүсірілім жасап, жұрттың сынына ұшырады

0

Танымал әнші Алмас Кішкенбаевтың экс-жары Мөлдір Серікбаева ашық фототүсірілім жасап, жұрттың сынына ұшырады, деп хабарлайды kznews.kz сайты Express Qazaqstan порталына сілтеме жасап.

Видеоны Мөлдірдің өзі Instagram-дағы Stories-не жариялады. Бейнежазбада Алмастың бұрынғы келіншегі іш киіммен, кеудесін түрлі-түсті гүлмен жауып тұр. Мөлдірдің бұл әрекеті желі қолданушыларына ұнамай қалды. Олар екі бала тәрбиелеп отырған келіншекті сынап тастады.

«Екі қызыңа дұрыс тәрбие бер. Адасқан әйел. Жараспайды. Не мынау?», — деп жазды желі қолданушыларының бірі.