Неліктен «коронавирустық круиздің» жолаушылары әдеттегі бортпен Жапониядан ұшып келді — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр Сұлтанға келген рейстің барлық 12 жолаушысы мен 8 экипаж мүшелері 14 күнге карантинге жабылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

круиз

Круиздік лайнерден шыққан төрт жолаушы басқа жолаушылармен бірге SCAT рейсімен ұшқан, өйткені олардың вирустық тестілері теріс болды және оларға еркін жүруге рұқсат етілді, дейді индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрлігі азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаев.

«Бұл SCAT әуекомпаниясының Нұр Сұлтан мен Токио арасындағы тұрақты жолаушылар рейсі болды. «Diamond Princess» лайнерінің жолаушылары болған адамдар тұрақты рейске билеттерді белгіленген тәртіппен сатып алған. Әуекомпания тасымалдаушы ретінде, бұл адамдар жайлы мәлімет алмаған, яғни олар кез-келген басқа рейске билеттер сатып алып, ұшып келе алар еді», — дейді Ластаев.

Ол әуекомпанияда ұшақпен ұшып шыққан азаматтар туралы алдын ала ақпарат болмағанын растады.

«Рейстен кейін карантин талап етілетіндігі туралы әуекомпания қызметкерлеріне ұшу алдында хабарлады. Әуекомпанияда лайнер жолаушылыраның осы рейспен ұшып бара жатқандығы туралы ақпарат болған жоқ. Сондай-ақ, жапондық тарап бұл жолаушыларға тексеруден және карантиннен өткеннен кейін қозғалуға рұқсат берді», — деп атап өтті спикер.

Ластаев сонымен бірге әуекомпания кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының азаматтарына тасымалдаудан бас тарта алмайтындығын баса айтты.

Бұған дейін, SCAT әуекомпаниясы рейсте рұқсат етілген жолаушыларды тасымалдайтынын және барлық белгіленген қауіпсіздік шараларына сәйкес келетінін мәлімдеді.

Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен Жапониядан келген азаматтарды қайта тексеруден өткізу туралы шешім қабылданды.

stan.kz