Сегіз рет жасалған сараптама нәтижесі теріс болған әйелдің коронавирус жұқтырғаны анықталды — Қазақстан жаңалықтары

0

Сычуань провинциясында сегіз рет жасалған сараптама нәтижесінен кейін қытайлық азаматшаның коронавируске шалдыққаны анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Қытайлық басылымының мәліметіне сәйкес, ауруға шалдыққан әйелдің тегі Тан, жасы 56-да екен. Ол — Аньюэ уездінің тумасы, бірақ соңғы жылдары Чунциндегі қонақ үйлердің бірінде ыдыс жуып, қызмет етіп жүрген көрінеді. Бір күні қонақ үй қызметкерлерінің індетке тап болғаны анықталыпты, сол себепті мекеме басшысы ыдыс жуушы әйелді де сараптама жасатуға жіберіпті. 7-23 ақпан аралығында оған сегіз рет сараптама жасалыпты: тыныс алу жолдарынан сынамалар алынып, оның ДНҚ-сына да сынақ жасалыпты. Алайда барлығының нәтижесі әйелдің ағзасында вирустың жоқ екендігін байқатыпты. 

Десек те 24 ақпан күні аурудың белгілеріне және зертханалық сынақтарға сүйене отырып дәрігерлер оның сырқаттанғанын анықтапты

 

stan.kz