Неке агенттігінен 70 жастағы астаналық шал ғашығын тауып, бас қосты

0
Неке агенттігінен 70 жастағы астаналық шал ғашығын тауып, бас қосты


Елордада неке агенттігінен 70 жастағы қария ғашығын тауып, бас қосты.

Неке агенттігіндегі қызметкерлердің айтуынша, шаңырақ құрғысы келетін жандардың жасы әр түрлі екен. Әдетте жастар деп ойлағанымызбен, өтініш берушілердің арасында зейнеткерлер де бар.

Агенттікке келетіндердің аты-жөнін құпия ұстайды. Ал сыңарын іздегендер саны жыл сайын өсіп келеді дейді.

Ал енді жас ерекшеліктері 23-25-те.  Көбінесе оларға «әлі жассыз, махаббатыңызды әлі де табасыз» деп кеңес береді екен.

Алайда ол кеңеске көпшілігі келісе бермейді. Жаратқанның сыңарсыз қалмағанын қалағанындай, әркім өзінің жартысын табуға үмітін үзбейтіні мәлім.