Неге Алаштықтар молдаларды жек көрді?

0

Ютуб арнасындағы “Қасқа жол” бағдарламасына берген сұхбатта экономист-сарапшы Жанкелді Шымшықов бұл сұраққа жауап берді. 

Жакелді Шымшықовтың пікірінше ол заманның молдалары сауатсыз болған. 

«Олар діннің негізгі мақсаты мен міндетін жеткізе алмады. Ал қазіргі молдалар ортағасырлық деңгейде оқығанын уағыз етуде. Ал орта ғасырда бір де бір техника болмаған. Орта ғасырларға исламның қандай қатынасы болды? Мәселен, Ұлықбек аспан дүниесінің картасын жасады.Ең үлкен обсерваторияны иеленді. Бірақ оны өртеді, өзін азаптап өлтірді. Содан кейінгі Ислам надандық жолымен кетті. Дін кері жолмен кетті. Ал қазір жасанды интеллект жасалып жатқанда, қараңғылыққа салынуға болмайды. Мұның барлығы дінбасыларының білім деңгейінің жетіспеуінен туындап отыр. Орта мектептегі білімнің, соның ішінде тарих пен қоғамтануға мән берілмеуінен туындады», — дейді сарапшы.

фото: видеодан скрин