“Жыл сайын қажылықтан 20 миллиард доллар түседі” — экономист-сарапшы

0

Ютуб арнасындағы «Қасқа жол» бағдарламасына берген сұхбатта экономист-сарапшы Жанкелді Шымшықов қажылыққа барып жатқан діни сауатсыздарды сынап тастады. 

«Қажылық деген не? Ол — мұсылманның парызы. Қажылықтың да ережесі бар. Оған баратын адам қаншама жыл әзірленеді, тазарады. Сондықтан кім көрінгеннің баруына хақысы жоқ. Оған жаяу барып, жаяу қайту керек. Қаншама айлап жүріп барып-қайтасың. Қаншама ел мен жер көресің. Таным көкжиегің көбейеді. Оның да сауабы бар. Бала кезімізде қажылықтан келген адамның білімі де, көрген-білгені де көп болатын. Сенің бір сағат ұшып-барып келгеніңнен түк те көрмейсің. Бұл алдамшы. Оны жасап отырған сол Сауд Арабиясының шейіттері. Себебі тексерілген деректер бойынша, бір жылда қажылықтан 20 миллиард доллар түседі екен. Оны өздерінің инвестиция сияқты пайдалы салаларына жұмсайды. Осыдан кейін олар сөзсіз дамиды.

Ол жақта шайтанға тас ату деген бар. Бір тасты тоғыз долларға сатады. Сен оны сатып алып атасың, ол шайтанға тиді ме жоқ па бөлек әңгіме. Одан да мен өз тасымды өзім апармаймын ба?» , — деді Жанкелді Шымшықов.

фото: ашықдереккөз