«Небәрі 15 минуттаың ішінде»: Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды — Қазақстан жаңалықтары

0
119

Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте қайтыс болды. Қайғылы жағдай Текелі қаласындағы мектептердің бірінде орын алған.

«Небәрі 15 минутта қайтыс болып кетті»: Алматы облысында 2-сынып оқушысы мектепте көз жұмды

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаға сілтеме жасап хабарлайды.

Текелі қаласындағы №4 орта мектептегілердің айтуынша, балаға нақты не болғанын мұғалімдер көрмепті. Тек олар жеткенде, оқушы жерде құлап жатқан.

«Екінші ауысымда оқитын 2-сынып оқушысы бірінші сабақ біткеннен кейін сыныптан атып шығып, баспалдақпен төмен қарай жүгіріп, асханаға ма, бір жаққа асыққан. Сол кезде құлап қалды ма, ол жағы белгісіз. Нақты не болғанын ешкім көрген жоқ. Мұғалімдер шығып, келгенде, бала құлап жатыр екен», — дейді мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әйгерім Бексұлтанова.

Директор орынбасарының сөзінше, бала небәрі 15 миунттың ішінде қайтыс болып кеткен. Бірақ денесінде ешқандай жарақат белгілері болмапты.

Ал сегіз жастағы оқушының нақты баспалдақтан құлады ма, әлде басқа жағдайда қайтыс болды ма, ол жағы әзірге белгісіз. Білім ордасы басшылығы бала кәмпитке шашалып қалуы мүмкін дегенді де айтып отыр. Себебі оқушыға алғашқы медициналық көмек көрсетілгенде, аузында шоколадтың қалдықтары болды, дейді.

Ал Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер аталған жағдайдың оқыс оқиға ретінде тіркелгенін мәлімдеді.

stan.kz