Нәзипа Шанай, ҚХА «Аналар кеңесінің» төрайымы: Саяси реформалар ел тыныштығы үшін іске асуда
– Президент сайлауының мерзімінен бұрын өтуі бекер емес. Жан жақты зерттеліп, тереңінен ойластырылған шешім екеніне күмәнім жоқ. Ашық әлемде өмір сүріп жатырмыз, мемлекетіміз реформаларға сай көпвекторлы саясат ұстанып, жүргізіп жатыр.
Бір жағынан, президент сайлауының ертерек өтуі әлемдегі геосаяси жағдайларға байланысты екенін де жоққа шығара алмаймыз. Саяси реформалар бір күнде іске асатын дүние емес, ішкі және сыртқы факторлар да әсер ететінін ескеруіміз тиіс. Сондықтан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент сайлауын алдын ала өткізу туралы шешім қабылдағанын құптаймын. Көрші елдерде жағдай ушығып тұрған мына кезеңде саяси үрдісті ескере отырып ойластырғаны анық.
Саяси реформалар кезеңі халық үшін де маңызды. Президент мемлекет дамуының ғана емес, әр қазақстандықтың өмірінің кепілі. «Аналар кеңесінің» төрайымы ретінде мен де көпшілікке ана ретінде қараймын. Әр игі істі дұрыс деп санаймын. Сол үшін мемлекеттің саясаты нығайып, тұрақтылық пен бейбітшіліктің болғанын қалаймын. Мемлекеттің саяси реформалары республикамыздың тыныштығы үшін іске асып жатқаны даусыз. Қазір бәріне еркіндік пен мүмкіндік берілген. Келешек үшін тер төккісі келетін адамдарға жол ашық. Ең бастысы, ауызбіршілік пен тұтастықты ұмыт қалдырмай, жұдырықтай жұмыла білсек – елдің ертеңі жарқын боларына сенімім мол.