Сапарбай Жобаев: Біз шекараны жауып тастасақ, қазақтар да Ресейге бара алмайды

0

Ресейлік жастардың Қазақстанға келуі бұл бір келеңсіз жағдай. Оны шекара және қауіпсіздік қызметкерлері реттеу керек. Оның теріс әсерлерін айтатын болсақ, неғұрлым сұраныс көбейген сайын, соғұрлым баға өсе береді. Қалталы азаматтар қоныс аударған соң пәтер бағалары да қымбаттай түсетіні сөзсіз. Тағы да цифрлық алаяқтар көбейіп кетті. Бұл да Ресей мамандарының ісі деген болжам бар. Бірақ біз Еуразиялық Одақ шеңберінде болғандықтан шекараны түбегейлі жаба алмаймыз. Себебі қазақстандықтардың өздері де Ресейге іс-сапармен, сауда жұмыстарымен барып тұрады. Мұның барлығы заң шеңберінде реттелуі керек. Ал заң бойынша қымбатшылық 90-нан күннен артық болмауы тиіс. Әсіресе, Алматы, Астана, Солтүстік Қазақстан облысындағы елді мекендерде осы процесс орын алғанымен, басқа елді-мекендерге оның әсері болмауы мүмкін. Үкімет осының барлығын тәртіп бойынша реттеп, халыққа түсіндіріп, бір жолын табуы тиіс. Ал оң әсеріне келсек, бәсекелестік артады, сұраныс көбейеді. Қоныс аударушылардың саны әрі кетсе жүз немесе екі жүз мыңнан аспайды.  Себебі 90-жылдары жер аударған қазақтар саны үш миллион болса, бүгін келіп жатқандар олардың үштен бірі деп есептеуге болады. Егер біз олардың келуіне шектеу қойсақ, онда Ресейде біздің студенттерді, азаматтарды өз территориясына мүлдем кіргізбеуі мүмкін. Ал ондағы миллионға жуық қандастарымыздың жағдайы тіпті төмендеп кетеді.

Путиннің Украинадағ жерлерін Ресейге қосып алуын орыс халқының 90%-ы қолдап отырғаны — табиғи заңдылық, империяның логикасы.
Шет елдерге, әсіресе, Турция, Армения, Грузияға, Қазақстанға, Монғолияға Қашып жатқандар қалған 10%-ды құрайды.
Запорожьедегі Ресейге қосыламыз деген Референдумды жергілікті халықтың 75% қолдап отыр. Донбасс пен Лугансктен 85% азамат осы ұстанымда.
Бұл жағдайға Украинадағы жемқорлық, коррупция және тұрмыс деңгейінің төмендігі себеп.  Қырымда жұмыс істеген курстасым бір сөзінде «Украинада болғанда кедей едік, Ресейге қосылғаннан кейін оңалдық» деген еді.
7 млн украиндық соғыстан қорқып, Еуропа елдеріне қашты. Еуропалықтар оларды ауған, ирак, сириялықтар сияқты қабылдап отыр.
Бірақ жер аударғандар өз еліндегі коррупциядан қашты десек те біраз шындыққа жанасар еді.
Сондықтан қазіргі уақытта жемқорлықпен күрес — барлық қауіптің алдын алатын жол.

Фото: inbusiness.kz