Назарбаевтың қадір-қасиетіне нұқсан келтіргендер қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды

0

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ар-намысы мен қадір-қасиетін жария түрде қорлағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін бапты алып тастайтын заң жобасы қаралып жатыр. Бұл туралы Әділет министрлігі мәлімдеді.

Парламент депутаттары бастамашылық жасаған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз сатып алынған активтерді мемлекетке қайтару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы шеңберінде Қылмыстық кодекстен Тұңғыш Президенттің ар-намысы мен қадір-қасиетіне жария түрде қол сұққан үшін қылмыстық жауаптылықты көздейтін 373 және 374-баптарды алып тастау жоспарланып отыр, — деп хабарлады ведомстводан.

Ақпарат: Arbat.media

Фото: ria.ru