«Мейрамбекке қыздардың қарғысы тиген»: Алтынбек Қоразбаев шәкіртінің ауыр сырқатына қатысты өз ойын жеткізді

0

Мейрамбек Беспаевтың ұстазы Алтынбек Қоразбаев әншінің сырқатына қатысты өз ойын айтты.

Қоразбаевтың пікірінше, шәкіртінің ауырып қалуына қыздардың қарғысы себеп болуы мүмкін.

«Мейрамбектің артынан шырылдап жүгірген қыздар өте көп болды. Енді кім Мейрамбекке ғашық болмады? Осыдан 15 жыл бұрын Мейрамбек ауырды, білесіздер ғой? Қатты ауырды. Қатты ауырғаны соншалық 80 келілік бала 60 келіге түсіп қалды. 20-25 келі түсіп кетті салмағы. Елдің бәрі қай-қайдағыны айтты. Жоқ! Мейрамбекке көз тиген. Немесе, шынын айту керек, жасыратын ештеңе жоқ, Мархабат келіннің құлағына алтын сырға. Қыздардың қарғысы тиген. Не көз тиген, не қарғысы тиген. Бүкіл қазақ тілеулес болды. Бүкіл қазақтың ән тыңдайтын азаматтары ниеттес болды», — деді Алтынбек Қоразбаев.

Өз кезегінде Мейрамбек Беспаев өзіне түрлі қыздардың хат жазғанын және мұны қарғыс емес, олардың махаббаты деп қабылдайтынын жеткізді.