Назарбаев: «Стадион қазақтың ұлы ақынының атында қалуға тиіс»

0

Назарбаев Семейдегі стадионға байланысты пікірін білдірді. Бұл туралы Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай жазды.

«Әлеуметтік желілер мен БАҚ-та ШҚО белсенділерінің «Абай арена» стадионының атауын өзгерту туралы ұсынысы талқылануда. Елбасы әрдайым өзіне қатысты мұндай «құрмет-қошеметке» қарсы. Н.Назарбаевтың пікірінше, стадион қазақтың ұлы ақыны әрі философының атында қалуға тиіс» жежі А.Үкібай.

https://twitter.com/Aidos_Ukibay/status/1372444053640519680

Естеріңізге сала кетейік, семейлік бастамашыл топ стадионды «Елбасы Арена» деп атау туралы ұсыныс көтерген болатын.