Назарбаев Смайылов үшін отырысқа жиналғандарды орындарынан қозғады

0

Назарбаев қаржы минстрін өзіне жақын отырғызу үшін барлығын бір орынға жылжуды сұрағандықтан үкіметте аздаған ыңғайсыздық туындады.

Мемлекет басшысы көлеңкелі экономикамен туындап отырған жайтты талқылау барысында қасында отырғандардың арасынан қаржы министрін байқамайды. Ал ол болса үстелдің шетінде отырған. Мұны көрген Нұрсұлтан Назарбаев, Қаржы министрлігінің басшысы премьер-министрдің орынбасарларының жыныда отыру керектігін айтып, ескерту жасады, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР президентінің айтуынша, салықтық және бюджеттік саясатта қыруар шаруа атқарылып жатқанына қарамастан, «көлеңкелі айналыммен күрес әлсіз жүріп жатыр».

«Біздің кеденнің импорттық көрсеткіші ҚХР мәліметімен сәйкес келмейді. Көлеңкелі экономиканы үш жылдың ішінде ең кем дегенде 40% төмендету қажет. Қаржы министрі? Қаржы министрі үстелдің шетінде отырмау керек. Оның орны вице-премьерден кейін. Қаржы министрі әдетте премьер-минситрдің орынбасары болып саналады», — деді ол.

Мемлекет басшысы осы мәселеге байланысты премьер-министрге ескерту жасады.

«Қара, оны қайда отырғызып қойғаныңды? Протоколды кім жасайды? Тұр, бері кел. Қожамжаровтан бастап, барлығың бір орынға жылжыңдар. Міне оның орны. Біздің осындай қарым-қатынасымыздың кесірен қаржы саласы үнемі ақсаумен келеді», — деп ескертті Назарбаев.

Telegram арнасындағы маңызды жаңалықтар «zakon.kz». Жазылу!

Дереккөз: https://kaz.zakon.kz/