Назарбаев Қазақстанның сыртқы саясатының басымдықтарын анықтауды жалғастырады

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

12 0 0

Аталған ереже «Жаңа президент туралы» конституциялық заңда жазылған. Ол елдің сыртқы саясатының жаңартылған тұжырымдамасында да қалдырылмақ

НҰР-СҰЛТАН, 23 желтоқсан – Sputnik. Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша бастамалар тұңғыш президент Нұрсұлтан Назарбаевпен одан әрі келісіле береді. Бұл жөнінде «Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы туралы» президент жарлығы жобасында айтылған. Құжат мемлекет басшысының қарауына жіберілді.

Президент елдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын анықтайды және халықаралық қатынастарда Қазақстан өкілі болады, делінген мәтінде.

«Мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары бойынша әзірленетін бастамалар Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті – Елбасымен келісіледі», – делінген жарлық жобасында.

Қазақстан сыртқы саясатының тұжырымдамасы – мерзімсіз сипаттағы құжат. Жүзеге асыру жоспарлары үкімет қаулысымен бекітіледі және екі жылда бір рет жаңартылады.

Назарбаевтың өмір бойғы құқықтары

Ішкі және сыртқы саясат бағыттарын Елбасымен келісу туралы тармақ «Тұңғыш президент туралы» конституциялық заңда бар.

Назарбаевтың Қазақстан халқына, мемлекеттік органдар және лауазымды тұғаларға елдің мемлекеттік құрылысы, ішкі, сыртқы саясаты мен қауіпсіздігі мәселелері бойынша бастамалармен жүгіну құқығы бар. Бұл құқық өмір бойына берілген. Тиісті мемлекеттік органдар және лауазымды тұлғалар оның өтініштерін міндетті түрде қарайды.

Елбасы өмір бойы парламент пен үкімет отырыстарына қатысып, сөз сөйлей алады.

«Кадрлық жарлық»

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 9 қазандағы «Қазақстан Республикасы президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлығына сәйкес, Қазақстан президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орган басшыларын тағайындау да Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен келісілуі тиіс.

Қауіпсіздік кеңесінің басшысы – Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасымен кеңесе алады, бірақ кадрлық шешімдерді өзі қабылдайды, деп бұған дейін Sputnik Қазақстанға түсініктеме берген еді мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз