«Назарбаев Қазақстандағы ықпалын Путиннің арқасында қалпына келтіре алады»
Саясаттанушы Виктор Ковтуновский Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Санкт-Петербург халықаралық экономикалық форумында сөйлеген сөзіне қатысты пікір білдірді.
Саясаттанушының айтуынша, Тоқаев «түбегейлі жаңа ештеңе айтпағанына» қарамастан, президенттің сөздері посткеңестік ақпараттық кеңістікте «ерекше хайпқа» айналғанын атап өтті.
«Бәрі басқаша жарияланды: 1991 жылдан кейінгі аумақтық өзгерістерді мойындамау және Украинада басталған соғыс үшін Ресей Федерациясына қарсы экономикалық санкцияларды сақтау туралы шешім, біз сияқты үгіт-насихатшылардың қазаққа қарсы шабуылдарына реакция», – деді ол.
Ковтуновскийдің айтуынша, Тоқаевтың сөзін өңін айналдырып беру резонанс тудырған.
«Позиция, олар айтқандай, тікелей эфирде, тіпті Владимир Путиннің қатысуымен жарияланды. Сонымен қатар, алты ай бұрын ғана, 2022 жылдың қаңтарында Тоқаевтың президенттік орнын сақтап қалуына Путин үлесін тигізген. Ешкім мұндай бассыздықты күткен жоқ», – деді сарапшы.
Саясаттанушы «дипломатиялық айла-шарғылардың шебері» Тоқаев неге кенеттен сес көрсетті деген сауал қойды.
«Оның батылдығы сыртқы тауар айналымының көзі болған Ресейдің үмітсіз жағдайына байланысты ма? Әлде Тоқаев Путиннің стратегиялық жеңілісі қазірдің өзінде сөзсіз екенін түсінді ме? Бұл сұрақтардың жауабын сыртқы бақылаушылар ұқпады», – деді ол.
Ковтуновский сондай-ақ Мәскеу Ақорданың Кремльге деген адалдық деңгейін тиімді реттеу үшін ішкі шиеленіс полюсін қалыптастыруды ойлап жатыр деген қызық пікір білдірді. Ал мұнда Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев ойынға қатыса алады.
«Егер Путин шынымен де Тоқаевқа нақты және ықпалды қарсы салмақ құруды ойласа, Нұрсұлтан Назарбаев пен оның серіктерін табар еді. Бәлкім, бұрынғы Елбасы билікке, оның бұрынғы ықпалына қайта оралудың соңғы мүмкіндігіне ие болған шығар», – деді сарапшы.
Саясаттанушы соңғы оқиғаларға байланысты экс-президенттің РФ басшысымен кездесуі құбыла түсіп, «басқаша ойнағанын» атап өтті.