24 адамды ұрлап, ұрып-соғып ұстаған: Дикий Арманға қатысты тың мәліметтер пайда болды

0

Бас прокуратура өкілі Дикий Арманға қатысты тың мәліметтер жариялады, деп жазады kznews.kz сайты.

Қылмыстың қудалау қызметінің бастығы Серік Шалабаевтың айтуынша, Арман Жұмагелдиев пен оның сыбайластары «Қазақстан» және «Ritz Carlton» қонақ үйлерінің жер асты тұрағында 24 адамды ұрлап, оларды ұрып-соғып ұстаған. Кейін жәбірленушілерді қала сыртына алып шығып, темір контейнерге қамаған.