Назарбаев Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайды

0

Бүгін, 19 наурызда Астана уақытымен кешкі сағат 19.00-де Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев орталық телеарналар арқылы Қазақстан халқына арналған мәлімдеме жасайды. Бұл туралы президенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақорданың баспасөз қызметі Назарбаев нақты қандай мәлімдеме жасайтынын ашып айтпады.

Президент 2017 және 2018 жылы дәстүрлі жолдауы баспасөзде жарияланар алдында орталық телеарналардан мәлімдеме жасаған.

Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз