Назарбаев қасиетті Түркістанға барды

0

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына барды. Бұл туралы тұңғыш президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай хабарлады.

«Нұрсұлтан Назарбаев Түркістан қаласына келді. Қазақстанның тұңғыш президентінің тарихи шешімі шежірелі шаһардың дамуына тың серпін берді. Сапар барысында қаланың бірқатар жаңа нысандарын аралау жоспарланып отыр», — деп хабарлады Үкібай Twitter парақшасында.