Назарбаев Путинмен телефон арқылы сөйлесті

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

1 0 0

Сұхбаттастар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия дағдарысын реттеу туралы пікір алмасты

НҰР-СҰЛТАН, 7 наурыз – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстанның тұңғыш президентінің баспасөз қызметі.

Тараптар екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер, соның ішінде Сирия мәселесі бойынша өткен Ресей-Түркия келіссөздерінің қорытындысы туралы пікір алмасты.   

Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин алдағы кездесудің кестесін талқылады.

Әңгіме соңында тараптар биыл Қазақстан-Ресей саяси байланыстарының нығая түскенін атап өтті.

Медведевтің Қазақстанға сапары

Еске сала кетейік, жұма күні Ресей Қауіпсіздік кеңесі басшысының орынбасары Дмитрий Медведев Қазақстанға бір күндік сапармен келді. Ол президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен және Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті. Тараптар екіжақты қарым-қатынастар мәселелерін талқылады.

Оқи отырыңыз: Назарбаев Медведевпен не туралы сөйлесті?  

Назарбаев Ресеймен ішкі және сыртқы саясат мәселелері бойынша ынтымақтастықты жалғастыруға дайын екенін мәлімдеді. Дмитрий Медведев Назарбаев кітапханасына естелік жазба қалдырды.

Тоқаевпен кездесуде Медведев Ресейдің Қазақстандағы саяси процестерге қызығушылық танытып жатқанын атап өтті.    

«Біздің елдеріміз қазір дамып жатыр, өз дамуының өте маңызды кезеңінде тұр десе болады. Сіз біздің елімізде жүргізіліп жатқан конституциялық реформа туралы айтып өттіңіз. Сіздің елде үлкен процестер жүріп жатыр. Біз де оларды бақылап, зерттеп жатырмыз», — деді Медведев.

Ал президент Тоқаев Қазақстан Ресей конституциясына өзгерістер енгізу процесін ерекше назарда ұстап отырғанын айтты.

Сонымен қатар, Медведев коронавирустың кесірінен туындаған экономикалық мәселелерді шешудің бірлескен шараларын талқылауды ұсынды.



sputniknews.kz