Назарбаев даңғылы тағы да ұзарады: Екі нұсқа ұсынылды

0
282

Жоба нұсқалары Алматы қаласының бас жоспарына түзету енгізу жөніндегі жұмыс тобының отырысында таныстырылды. Назарбаев даңғылын Горный Гиганттағы бұрынғы мәдениет үйінің жанындағы алаңға дейін, одан шығысқа қарай Достық даңғылына дейін ұзартудың екі нұсқасы ұсынылды.

Егер бірінші нұсқа іске асса үш қабатты бірнеше үйді, ал екінші нұсқа бойынша қомақты өтемақы төлейтін көптеген жеке ғимаратты бұзуға тура келеді. Қала басшылығы екі жолдың қайсысын таңдайтыны әзірше белгісіз.

Қазір құрылыстың тек бірінші кезеңі — Қажымұқан көшесінен мәдениет үйіне дейінгі жолдың жобасы дайын. Жолды ұзартуға арналған өзге құжаттарды әзірлеу қаржы жетпегендіктен тоқтатылған. Болжам бойынша қала билігі барлық жұмысты келесі жылы ғана аяқтай алады.

Болашақта даңғыл төрт жолақты болады. Жол жиегіне тротуар мен арықтар салынып, жан-жағы жасыл желекпен көмкеріледі.

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету