Қызды буындырып өлтіріп, өртеп жіберген: Қылмыскерге үкім шықты (видео)

0
1985

21 жастағы қызды өлтірді деп айыпталған адамға үкім шығарылды. Бұл туралы Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты хабарлады.

21 тамызда Еңбекшіқазақ ауданындағы Өрнек ауылының маңында жергілікті тұрғындар қыздың күйген денесін тапты.

Анықталғандай, ол хабар-ошарсыз кеткендер тізіміне енген, ал бір күн бұрын полицияға оның туыстарынан оны іздеуге көмектесуге қатысты ресми мәлімдеме түскен.

Сараптама өлімнің зорлық-зомбылық белгілерін растады, соған байланысты тәртіп сақшылары кісі өлтіру бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмысқа күдікті екі-үш тәулік ішінде қсталып, қамауға алынды. Бұл жергілікті тұрғындардың бірі болып шықты. 28 жастағы жігіт мас күйінде 21 жастағы қызға негізсіз шабуыл жасап, оны буындырып өлтіргенін мойындады.  Содан кейін қылмыстың іздерін жасырмақ болып, ауылдың шетінде жәбірленушінің денесін өртеп жіберген.

– Сот іс бойынша жиналған дәлелдемелерді бағалай отырып, сотталушының кінәсін толық мойындады. Атап айтқанда, ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, куәгерлердің жауаптарын, сотталушының өзінен жауап алуды, сондай-ақ сот-медициналық сараптаманың қорытындыларын ескере отырып жүргізілген сараптамалар, ауыр қылмыс жағдайында адам өлтіру есірткі мас күйінде жасалғандығы сотта тергеу жүргізілген қылмыстық іс материалдарымен дәлелденеді және расталады.

Сот оны қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігінде (Адам өлтіру) көзделген қылмыстық әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп танып, 13 жылға бас бостандығынан айырды. Ол мерзімін қатаң режимдегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады, – деді Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар сот процедураларында прокурор мен зардап шеккен тарап соттан айыпталушыны 14 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағандығы белгілі болды. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Oinet.kz

1$, 5$, 10$ ... Тәуелсіз KzNews жобасына қолдау көрсету